Қарасу ауданында ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті

Қарасу ауданында ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті

Қарасу ауданында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірісі субъектілерімен кеңес өтті.

Кеңес жұмысына аудандық ветеринариялық қызмет, аумақтық инспекция өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Қасымханұлы Иманбаев және Республикалық ветеринариялық зертхана Қостанай филиалының басшысы Арман Есламұлы Жанзақов қатысты.

Облыстық деңгейдегі басшылар ауданға жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі ағымдағы эпизоотиялық жағдай туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында ІҚМ және ұсақ мал арасында аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері, мал басын сәйкестендіру және тіркеу тәртібі, ілеспе ветеринариялық құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауға қолданыстағы шектеулер бойынша түсініктемелер берілді.

Қарасу ауданының әкімі К.Т. Оспанов ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуын болдырмау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дербес жауапкершілігін атап өтті.