
Бүгін Қарасу ауданында "Таза Қазақстан"бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыс өтті.
Кеңес барысында мемлекеттік мекемелердің басшылары баяндама жасады. Бүгінгі күні қол жеткізілген нәтижелер егжей-тегжейлі қаралды, сондай-ақ басым міндеттер айқындалды және бағдарламаны одан әрі тиімді ілгерілету үшін алдағы кезеңге жоспарлар белгіленді.
Отырыс аясында Қарасу ауданының әкімі Қ.Т. Оспанов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жаңа басшысы Азамат Сәбитұлы Қаппасовты таныстырды.
Отырыс барысында барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы және тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау жоспарланған міндеттерді табысты іске асырудың негізгі шарттары болып табылатыны атап өтілді.