Қостанай облысында COVID-19-мен күресу үшін 752,4 млн. теңгеге дәрі-дәрмек тиелді

Қостанай облысында COVID-19-мен күресу үшін 752,4 млн. теңгеге дәрі-дәрмек тиелді

Қостанай облысында Бірыңғай дистрибьютор арқылы 57 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Дәрілік заттар Облыстың операциялық қоймасына Нұр-сұлтан қаласында орналасқан Бірыңғай дистрибьютор хабынан келіп түседі.

2020 жылға Қостанай облысының 57 тапсырыс берушілерімен қосымша өтінімдерді ескере отырып, жалпы 5,4 млрд.теңгеге ДЗ және МИ жеткізуге 805 сатып алу шарты жасалды.

Іс жүзінде ағымдағы сәтте Бірыңғай дистрибьютор 4,7 млрд.теңге жоспары кезінде (ағымдағы жоспардан 97,8%) 4,6 млрд. теңге сомасына көлем тиеді.

Коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді емдеу шеңберінде Қостанай облысында 752,4 млн. теңге сомасына ДЗ және МИ тиелді (пандемия басталғаннан бергі кезеңде).

Амбулаториялық деңгейде-Қостанай облысының 32 медициналық ұйымы 2020 жылға 5,8 млрд теңге сомаға ДЗ және МИ сатып алуға өтінім ұсынды.

Берілген қосымша көлемді ескере отырып, ағымдағы сәтте:

  • тиелді - 6,3 млрд. теңге (ағымдағы жоспардан 100% );
  • бекітілген халықты қамтамасыз ету фактісі-5,0 млрд. теңге сомасына (жөнелтілген тауардан 79,4%).
  • Медициналық ұйымдардағы дәрілердің қалдығы 1,6 млрд.теңге.

Күзгі-қысқы кезеңде КВИ ауруын көтеруге дайындық мақсатында Бірыңғай дистрибьютор COVID-19 бойынша ДЗ екі айлық қорын (төмендетілмейтін қор) қалыптастырды.

Төмендемейтін қор көлемін Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс сатып алады.

Қалыптасқан көлем ("қауіпсіздік жастығы") ел өңірлерінде ДЗ тапшылығы туындаған жағдайда пайдаланылатын болады. Бұл ретте, сырқаттанушылықтың күрт өсуі және COVID-19 емдеу үшін ДЗ тапшылығы туындаған жағдайда, бірінші кезекте өңірлердің жергілікті атқарушы органдары қалыптастырған өңірлік тұрақтандыру қоры "броньнан шығарылады". Бұдан әрі, қажет болған жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор COVID-19 бойынша ДЗ-ның екі айлық қорынан жөнелтуді жүргізеді.

Бұл шара КВИ емдеу үшін ДЗ бойынша елде резервті сақтауға және ауру басталған жағдайда дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді

Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор 2021 жылға ДЗ сатып алуды жүргізеді. Қоймаларға алғашқы жеткізу кестесі 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жоспарланған.

Осылайша, өңірлердің тұрақтандыру қорларында, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында ДЗ болуы препараттардың жетіспеушілігінің алдын алады және оларды елдің медициналық ұйымдарына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді.