Төтенше жағдайлар немесе табиғи апаттар кезінде адамдардың көпшілігі ауруханалардың жедел және тиімді жауап беруіне жалғыз үміт пен қолдау ретінде сенеді. Ірі төтенше жағдайлар кезіндегі қайғылы жағдай, егер медициналық мекемелердің жұмысы өрттер мен басқа да апаттарға байланысты үзілсе және жедел жәрдемге тәуелді адамдар өмірін жоғалтса, одан сайын күшейе түседі.
Осыған байланысты Қарасу ауданының ТЖБ қызметкерлері "Қарасу арнаулы әлеуметтік қызымет көрсету орталығы" КММ персоналымен өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, оның ішінде су тасқыны және көктайғақ кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету бойынша персоналдың іс-қимылдары бойынша тиісті тақырыптарға үгіт материалдарын тапсырумен кезекті нұсқама өткізді. Нұсқаулықтардың жалпы саны 20 адамды құрады, 142 жадынама берілді.
Өз кезегінде басшылар өз объектілерінің тиісті өртке қарсы жағдайын сақтау үшін мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
- объектідегі өртке қарсы режим;
- белгіленген орындарда алғашқы өрт сөндіру құралдарының тиісті санын шоғырландыру;
- ғимараттарды, үй-жайларды автоматты дабыл және өрт сөндіру жүйесімен жабдықтау;
- өрт крандарын, гидранттарды жарамды күйде ұстау, оларды өрт жеңдері мен оқпандарының қажетті санымен жабдықтау;
- бекітілген аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтау;
- тәуліктің қараңғы уақытында аумақта сыртқы жарықтандыруды ұстау;
- мекеменің Жарық, дыбыс, көзбен шолу дабылдарын қоса алғанда, өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесімен жабдықталуы;
- ғимараттарға, құрылыстарға, қоймаларға, сыртқы өрт сатыларына және өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздеріне жолдарды, өту жолдары мен кіреберістерді өрт сөндіру техникасының өтуі үшін әрдайым бос ұстау;
- өртке қарсы қабырғалар мен жабындылардағы өртке қарсы есіктерді, клапандарды, басқа да қорғаныс құрылғыларын, сондай-ақ есіктерді өздігінен жабуға арналған құрылғыларды жарамды күйде ұстау;
- құрылыс конструкцияларының оттан қорғайтын жабындарының, жанғыш әрлеу және жылу оқшаулағыш материалдардың, жабдықтың металл тіректерінің бұзылуын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды уақтылы орындау;
- жақын маңдағы өртке қарсы қызмет бөлімшесімен тікелей телефон байланысын жарамды күйде ұстау;
- жертөле терезелерінің жанындағы терезелер мен ойықтарға бітеу торларды орнатуға жол бермеу;
- эвакуациялық шығу есіктерін жарамды, еркін ашылатын күйде ұстау;
- өртке қарсы су құбыры желісін жарамды күйде ұстау.
- Төтенше жағдай туындаған кезде құтқару қызметіне "101" немесе "112" телефондары арқылы, оның ішінде барлық ұялы операторлардың ұялы телефонынан қоңырау шалыңыз.
Қарасу ауданының ТЖБ
бас маманы
азаматтық қорғау капитаны
А.Е. Зейноллин