
2025 жылдың 12 желтоқсанында Қарасу ауданының ТЖБ қызметкерлерімен, "Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" КММ еріктілерімен бірлесіп, жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында Қарасу ауылының сауда объектілерінде профилактикалық рейд өткізді. Іс-шаралар кіреберісінде қызметкерлер мен еріктілер 100 дана сыйлық өнімдерінің қаптамасына жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт материалдарын таратқан.
Бөлім қызметкерлері жаңа жылдық және рождестволық мерекелердің апатқа ұшырамауын ескертеді, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға ерекше назар аудару керек, бұл өте қарапайым.
- Шырша жылыту құралдарынан алыс тұрақты тұғырға орнатылады.
- Шыршаны жарықтандыру үшін тек зауытта шығарылған жарамды электр гирляндаларын пайдалану қажет.
Тыйым салынады:
- шыршаны шамдармен, мақтамен, қағаздан және целлулоидтен жасалған ойыншықтармен безендіру;
- дәкеден, мақтадан, қағаздан және картоннан жасалған маскарад костюмдерін кию;
- шыршада және оның жанында шырақтар, бенгал шамдарын жағу, шартылдақтарды пайдалану.
Пиротехникалық бұйымдарды қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады!
Мереке қайғылы жағдайға айналмауы үшін жоғарыда аталған өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.
Қарасу ауданының ТЖБ
бастығын ұақытша
міндеттін атқарушысы
А.Е. Зейноллин