
Қарасу ауданына жұмыс сапарымен Департамент басшысының орынбасары Т.Н. Керімбеков бастаған Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің делегациясы келді.
Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру және салықтық әкімшілендіру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Кездесу барысында ауданның мемлекеттік органдары мен кәсіпкерлік қоғамдастығының өкілдері салық заңнамасының өзгерістері жөнінде түсініктеме алып, қызықтырған сұрақтарын қойып, одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.