Қарамырза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Қарамырза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қарасу ауданының әкімі Қ. Т. Оспанов Қарамырза, Көшевое ауылдары, сондай-ақ Молодежное және Сүйгенсай жабық ауылдары кіретін Қарамырза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдық елді мекендердің өзекті жай-күйі, округті дамыту жөніндегі перспективалық жоспарлар талқыланды, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдады. Барлық көтерілген мәселелер әрі қарай қарау және шешу үшін бақылауға алынады.