Мемлекет басшысының халықпен кездесу өткізу туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде Қарасу ауданының әкімі Қ.Т. Оспанов аудан бойынша жұмыс сапарларын жалғастыруда. Бұл жолы Қайрат Темірханұлы Черняев ауылдық округіне барды.
Сапардың басында Қарасу ауданының әкімі К.Т. Оспанов округтің барлық елді мекендерінің — Белозерка, Тучковка, Черняевка, Зеленовка, Маршановка ауылдарының, сондай-ақ Ленино ауылының ағымдағы жағдайымен танысты.
Әр ауылда жергілікті тұрғындармен кездесулер өтті. Қарасу ауданының әкімі К. Т. Оспанов олардың өтініштерін, ұсыныстарын және проблемалық мәселелерін мұқият тыңдады-барлығы назарға алынып, жұмысқа алынды.
Сапар қорытындысы бойынша бейінді мемлекеттік және коммуналдық қызметтердің бірінші басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді. Әрбір ведомство қысқаша есеп берді, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қайрат Темірханұлы өз сөзінде ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы хабардар етті, сондай-ақ Черняев ауылдық округінің ағымдағы міндеттері мен даму жоспарларына егжей-тегжейлі тоқталды.