
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың 1 шілдесінде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 584 қызметкер зардап шекті, олардың 77-сі қайтыс болды. Бұл ретте а.ж. 6 айының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6% - ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жартыжылдық қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмысшыға шаққанда жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті) 0,08 құрады.
Жарақаттанудың жоғары деңгейі негізінен республиканың өнеркәсіптік өңірлерінде сақталады. Мәселен, Қарағанды облысында 61 адам, Шығыс Қазақстан облысында-50, Павлодар облысында – 44, Атырау облысында – 40, Ақтөбе облысында – 39 адам зардап шекті. Сондай-ақ, Алматы қаласында 51 адам зардап шекті.
Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 18,1% және құрылыс саласында – 9,2% байқалады.
Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (34,6%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (32,9%); автожол жүрісі қағидаларын бұзу (8,6%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,1%) болды.
Еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің 439 материалын жолдады, олар бойынша 139 қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды азайту Үкімет пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Соңғы бес жылда еңбекті қорғау саласында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралар Өндірістік жарақаттану деңгейін 6,3% - ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
2019 жылдан бастап Еңбекмині "нөлдік жарақат – Vision Zero" тұжырымдамасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда оған 605 кәсіпорын қосылды.
Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілігі мен бақылауын көздейтін бақылаудың тік моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл бақылау моделін республиканың 318 кәсіпорны енгізді.
Бұдан басқа, "Онлайн еңбек консультанты" электрондық сервисі іске қосылды, ол еңбек туралы заңнаманы сақтаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыскерлермен және жұмыс берушілермен қашықтықтан өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Сервис жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуін көздейді. Сервис іске қосылған сәттен бастап оны 42 977 жұмыс беруші пайдаланды.
Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда, ол 4 негізгі бағытты көздейді. Бұл тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру. Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.