«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»

үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 17 маусымда Қарасу ауданының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын жария талқылау бойынша Қарасу ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Қарасу ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қарасу ауданы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Талдамалық анықтамасы бойынша баяндама тыңдады.

Қоғамдық кеңес мүшелері тыңдау барысында азаматтар үшін өзекті мәселелерді көтеріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша ұсыныстар берді.