Теңге ілуден 5-ші Дүниежүзіліккөшпенділер ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
Олимпиадалық даярлау орталығында 8 тамыз күні 5-ші Дүниежүзіліккөшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасынан ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды.
Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Спортшыларымыз «қос құлаш», «бес белес», «жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Қорытындылай келе, 5-ші Дүниежүзіліккөшпенділер ойындарында ел намысын «бес белес» стилінен Бекнұр Серіков, «жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай, ал «қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров қорғайды.
Теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы келесідей:
Еске сала кетейік, теңге ілуден 5-ші Дүниежүзіліккөшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада болады. Ал Ойындарда теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank.
Барлық жарысқа билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
***
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі
Назым Қанатбекқызы
8 701 208 18 11
Айғаным Мұқатай
8 747 661 98 93
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/
Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024
YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024
Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1
Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu
Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024