
2026 жылғы 28сәуірде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Тоғызақ ауылдық округі әкімінің Верен, Тоғызақ ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесулер өтті. Кездесуде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді, сондай-ақ болашаққа жоспарларды талқылай отырып, ауылдық округтің дамуы қорытындыланды. Тұрғындар абаттандыру идеяларын ұсынуға және сұрақтар қоюға белсенді қатысты. Көтерілген барлық мәселелер бойынша ауыл өмірін жақсартуға бағытталған түсіндірмелер мен тапсырмалар берілді.