Аудандық коалиция өкілінің "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Веселокут бастауыш мектебі" КММ ұжымымен кездесуі

Аудандық коалиция өкілінің  "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Веселокут бастауыш мектебі" КММ ұжымымен кездесуі

Бүгін, 10 наурызда Ворошилов  ауылында аудандық коалиция өкілі Шалдебаева Салтанат Қосылбайқызы жаңа конституция жобасына және алдағы республикалық референдумға арналған "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Веселокут бастауыш мектебі" КММ ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа конституция жобасының негізгі ережелері, оның елдің одан әрі дамуы үшін маңызы, сондай-ақ азаматтардың алдағы референдумға қатысуының маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.
Мұндай кездесулер халыққа ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндіруге және азаматтардың алдағы референдум туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.