Көліктегі ПД бұйрығына сәйкес 2026 жылдың Наурыз айының 10-13 күндері аралығында Қостанай станциясының ЖПБ-нің қызмет атқару аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Мақсаты - қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, темір жол және әуе көлігі объектілерін қарау кезеңінде көші-қон ережесін бұзу фактілерінш анықтау, ұсақ бұзақылық, аз мөлшердегі есірткі заттарын пайдалану, тасымалдау фактілерін анықтау.