
Бүгін,2026жылғы19 ақпандаТоғызақ ауылына «Әділ және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясыүшін!» өңірлік коалиция мүшелері келді. Жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында,Тоғызақ ауылының тұрғындары коалиция өкілдерімен кездесті:Булгацевич Татьяна Борисовна, Бекмырза Жұмаш Айтжанұлы және Сәрсенбаева Аружан Айдарқызы. Қонақтар ауыл тұрғындарымен ашық кездесу өткізді, онда негізгі заң жобасында ұсынылатын негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі баяндалды. Адам құқықтарымен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, азаматтарды әлеуметтік қорғауға және әділ Қазақстан қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Өңірлік коалиция мүшелері елдің тұрақтылығы мен одан әрі ілгерілеуін нығайту үшін жаңа Конституцияның маңыздылығын атап өтті.