
Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халықты Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) назар аударып отырған Нипах вирусы туралы хабардар етеді. Бұл – жануарлардан адамға, сондай-ақ тағам арқылы және адамдар арасында жұғуы мүмкін зооноздық инфекция.
Нипах вирусы алғашрет 1999 жылы Малайзияда анықталған. Ауру адамға жануарлардан, залалданған тағам өнімдері арқылы, сондай-ақ науқаспен тығыз қарым-қатынас кезінде жұғуы мүмкін. Вирустың табиғи тасымалдаушылары — жеміс пен қоректенетін жарқанаттар, яғни ұшқыш түлкілер.
Аурудың жұғу қаупінегізінен Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тіркеледі. Бангладеш пен Үндістанда орыналған сырқаттану жағдайларында инфекция көзі ретінде жарқанаттардың сілекейі немесе зәрі мен ластанған жемістер мен сусындар көрсетілген.
Инкубациялық кезең орта есеппен 4–14 күнді құрайды, сирек жағдайларда 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру, әдетте, дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, құсу, тамақтың ауыруы сияқты белгілермен басталады. Кей жағдайларда жүйке жүйесі зақымдалып, ауыр асқынулар дамуы ықтимал.
Қазіргі таңда Нипах вирусына қарсы арнайы вакцина немесе тіркелген дәрілік препараттар жоқ. Алдын алу шаралары санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, тағам өнімдерін қауіпсіз тұтыну және ықтимал инфекция көздері мен байланыстан сақтануға негізделеді.
Басқарма тұрғындарды сабыр сақтауға, ақпаратты ресми дерек көздерден алуға, жеке гигиена қағидаларын ұстануға және денсаулық жағдайы нашарлаған кезде медициналық көмекке жүгінуге шақырады.