«Ель» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Ель» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Жаңа жыл мерекелері қарсаңында жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің, дайындаудың, тасымалдаудың және сатудың алдын алу мақсатында 2025 жылғы 15–31 желтоқсан аралығында Қостанай ст. желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Ель» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері Қостанай облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп, жас қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен сатудың заңдылығын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Қостанай ст. желілік полиция бөлімі ағаштарды заңсыз кескені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы және ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертеді.