Сүт өнімдерінен уланудың алдын алу: қарапайым ережелер – сенімді қорғаныс

Сүт өнімдерінен уланудың алдын алу: қарапайым ережелер – сенімді қорғаныс

Сүт және сүт өнімдері — күнделікті рационның маңызды бөлігі болып табылады, бірақ олар тез бұзылатын өнімдерге жатады және сақтау немесе тұтыну жағдайлары бұзылған кезде ас улануына себеп бола алады. Сүт ортасы сальмонелла, ішек таяқшасы және листерия сияқты қауіпті микроорганизмдердің дамуына қолайлы, әсіресе шикі сүтті немесе мерзімі өткен өнімді пайдаланған кезде.

Улану қаупін азайту үшін, сүт өнімдерін тек ресми сауда нүктелерінен сатып алыңыз, пастеризацияланған өнімдерге басымдық беріңіз, қаптаманың тұтастығын, өндірілген күні мен мерзімін тексеріңіз. Сүт пен ірімшікті «қолдан» және ретсіз базарлардан сатып алудан аулақ болыңыз.

Сүт өнімдерін тоңазытқышта +2-ден +6 °C-қа дейінгі температурада сақтаңыз, оны бөлме температурасында қалдырмаңыз, қаптама ашылғаннан кейінгі сақтау мерзімдерін сақтаңыз және жағымсыз иісі немесе өзгерген консистенциясы бар өнімдерді тұтынбаңыз. Шикі сүтті тұтыну алдында қайнату керек. Балаларға, кәрі адамдарға және жүкті әйелдерге тек пастеризацияланған сүт өнімдерін тұтыну ұсынылады.

Жүрексіну, іштің ауруы, диарея, дене қызуының көтерілуі немесе жалпы әлсіздік пайда болған жағдайда, әсіресе белгілер балада пайда болса, дәрігерге дереу хабарласу керек.

Сүт өнімдерін таңдауға, сақтауға және тұтынуға мұқият көзқарас — бүкіл отбасының денсаулығын қорғаудың қарапайым және тиімді шарасы.