Ауылдық округ әкімі Бауржан Алтынбаевич Жақаев Станционный ауылының тұрғындарымен ауылдық округтің 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беру кездесуін өткізді.
Қазіргі таңда тұрғындарды сумен қамту және ауылішілік жолдарды жөндеу мәселелері алаңдатып отыр. Барлық сұрақтарға ауылдық округ әкімі түсініктеме берді. Бұл мәселелер үнемі бақылауда.