Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы, грамота тапсыру немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу қарастырылған.

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен  аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен көп емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жолмен жәрдемдесуін қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не егер адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:

1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Осы Қағидалардың ережелері:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамға;

2) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды.

Лауазымдық міндеттеріне өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның жоғары тұрған басшысының және (немесе) басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған жағдайлар туралы назарына дереу жеткізу жататын мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган Грамотамен наградтау немесе алғыс жариялау жолымен көтермелейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдар мемлекеттің қорғауында болады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағы)

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына 1424 (республика бойынша қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша хабарлау  Қостанай қаласы, Гашека көшесі, 4  (телефон 914 - 222) мекенжайы бойынша аумақтық департаментке хабарласу қажет.