Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа келді

Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа келді. Мемлекет басшысын АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алды.
АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттер Тоқаевты құттықтады. Президент отандастарымен қысқаша әңгіме өткізіп, оларға табыс тіледі.
7 қараша күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі өтті. Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен жан-жақты кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады. Көшбасшылар сапар аясында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 17 миллиард доллардан астам коммерциялық келісімдерге қол қоюды құптады.
Әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымы бойынша жан-жақты пікір алмасылды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды. Президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады.