«Мәселелерді талқылау»

- Қостанай облысы әкімдігінің бүгінгі отырысында 8 айдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды. Биылғы жылы мемлекеттік қолдаудың қомақты бөлігі агроөнеркәсіп кешеніне бағытталды. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығын өндірудің барлық дерлік кезеңдері қамтылған. Бұл саладағы қаржылық қолдау көлемі 75%-ға өсті.