
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдікдереккөздердіңмәліметтерібойынша(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o-vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html)алаяқтартегінэлектрондықкітаптарретіндеTelegram-ға зияндыфайлдардытаратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен
кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерінсақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы