«Үнсіз WhatsApp ұрлау» бұзбай немесе із қалдырмай

«Үнсіз WhatsApp ұрлау» бұзбай немесе із қалдырмай

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.

Шетелдік дерек көздердің мәліметіне сәйкес

https://infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikampoluchit-polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya/,  https://www.securitylab.ru/news/567291.php,  https://securitymedia.org/news/list/atakaghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html 

 кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қазаңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қолжеткізеді.

 

Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.

Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматы түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»- қатолық қолжеткізеді (хабарламаларды оқу, медиа файлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлам ажіберу, фото галереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істейбереді және күдіктудырмайды.

«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.

 

Сақ болыңыздар, кибер қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:

- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әртүрлі

Хабарландыруларға мұқият болыңыздар;

- «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер,

Қосымшадан тыс жерде кодты сұрату – әрқашан алаяқтық;

- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;

- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп

отырыңыздар;

- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.

Бір қатенің құны – Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау.

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы.