Жұмыскерлердің денсаулығын нығайту саласындағы «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру нәтижесінде мынадай әсерлерге қол жеткізу көзделеді:
Қызметкерлер үшін:
- еңбек жағдайларына қанағаттанушылықты арттыру;
- өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;
- денсаулықты нығайту және жалпы әл-ауқатты жақсарту;
- белсенді және еңбекке қабілетті өмір сүру ұзақтығын арттыру.
Жұмыс берушілер үшін:
- ұзақ мерзімді салауатты еңбек ресурстарын сақтау;
- уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жұмыс уақытының жоғалуын азайту;
- кадрлар айналымының төмендеуі;
- ұйымның имиджін және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
- корпоративтік мәдениетке салауатты өмір салтының басымдығын енгізу;
- қызметкерлердің аурушаңдық және мүгедектік деңгейін төмендету;
- салауатты өмір салтын ұстанатын қызметкерлердің үлесін арттыру.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сырқаттанушылық пен еңбек шығындарын азайтуға, сондай-ақ еңбек ресурстарының тұрақтылығын және ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал ете отырып, қызметкерлер үшін де, жұмыс берушілер үшін де кешенді оң нәтиже береді.