19 қазан-Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі!

19 қазан-Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі!

2025 жылғы 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына 30 жыл толады. Тарихқа көз жүгіртсек, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілеттік берілген орталық атқарушы орган ретінде құрылды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні болып табылады.

Елімізде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында апта сайын профилактикалық акциялар мен оқу-жаттығулар өткізіледі, бұл ретте біздің құтқарушыларымыз өз дағдылары мен білімдерін шетелдік әріптестерімен бөліседі.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін күнделікті орындай отырып, басқаларды құтқару үшін өз өмірін қауіпке тігіп, өздерінің кәсібилігі мен жанқиярлығын дәлелдейді.