Жылдық есеп
«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ ауыл әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметі туралы.
«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүргізеді.
«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ, Лесное ауылы, Жастар көшесі, 7, тел: 8-714-41-40-5-38.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Лесное ауылы әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер саны – 0:
Мемлекеттік қызметтер қызмет алушыларға тегін, электронды түрде көрсетіледі.
«Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсететін барлық қызметтерге ережелер мен стандарттар бекітілген.
3) Ең сұранысты мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2025 жылға жүргізілген талдау нәтижесі бойынша Лесное ауылы әкімінің аппараты 0 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: «Е-лицензиялау» порталы арқылы
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізудің көздері мен орындары туралы ақпарат.
Лесное ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілер мен ақпараттық-анықтамалық материалдармен безендірілген стенд жасалған;
Қарабалық ауданында Қостанай облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» ҰК АҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қарабалық ауданы бөлімі жұмыс істейді, онда «Connection Point» өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда әрбір клиент электрондық қызметті өзі дербес немесе кеңесші қызметкердің көмегімен ала алады.
2) Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын қоғамдық талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудан әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының, әкімдердің құзырына кірмейді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Қарабалық ауданы әкімінің аппараты жағынан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша үйлестіру және жалпы әдістемелік жетекшілік, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ жоғары органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жүргізілген шаралар: әкімат ғимаратындағы ақпараттық стендте жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген көрсетілетін қызметтер тізімі орналастырылған, Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған, азаматтардың мемлекеттік қызметтер алуы үшін «электрондық үкімет» порталына қосылымды компьютер орнатылған, азаматтарға мемлекеттік қызметтер алу кезінде оқыту мен көмек көрсетуді Лесное ауылы әкімінің аппаратының қызмет көрсетуге жауапты маманы жүзеге асырады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру 2025 жылы жүргізілмеді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарын ешкім өткен жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болған жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары 2025 жылы түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
Лесное ауылы әкімінің аппаратында ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есеп құрастырылып, ол Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына тапсырылады. 2025 жылғы есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдерді бұзу болған жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау бойынша бақылау шаралары жүргізілмеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылауға уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау нәтижелері.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылауға уәкілетті органның тексеруі жүргізілмеді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеді.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында Лесное ауылы әкімінің аппаратында мақсатты жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 2026 жылы Лесное ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша, онда көзделген:
- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың алдын алу;
- халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы дер кезінде хабардар ету;
- қызмет алушыларды Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы ақпараттау және насихаттау бойынша шаралар жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.