
Туберкулез - бұл жұқпалы ауа-тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі - туберкулездің ашық түріне шалдыққан адамдар. Туберкулез бактериялары науқас адамдан сау адамға түшкіргенде және жөтелгенде сілекей тамшыларымен бірге беріледі. Туберкулез қоздырғыштары ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпені зақымдайды.
Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен ауырғанда келесі белгілер пайда болады:
Балалар арасындағы ауруды ерте анықтау мақсатында қауіпті топтар және туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған балалар арасында туберкулез инфекциясына жаппай тексеру қарастырылған.
Манту Сынамасы. Теріге туберкулин енгізіледі-ауру тудырмайтын өлтірілген және жойылған туберкулез бактерияларының қоспасы. Егер адам туберкулезбен ауырса, сынама мөлшері ұлғаяды.
Рекомбинантты туберкулез аллергені (АТР) бар сынама. Бұл сынама Манту сынамасының салу техникасына сай жасалады.
Диагнозды растау үшін флюорография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы және туберкулез бактерияларына қақырықты микробиологиялық тексеру жүргізіледі.
Біздің әрқайсымызды туберкулезден қорғанудың ең тиімді тәсілі -профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесінде көрсетілген БЦЖ вакцинациясы. Алғашқы вакцинация өмірдің 3-4 күнінде перзентханада және 6-7 жасында ревакцинациясы жасалады.
Туберкулез ауруын алдын алудың негізгі шаралары
Жеке тазалық тәртібін сақтау – жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу;
Туберкулез ауруы емделеді, бірақ дер кезінде анықтап емдемесе бұл дерт адамды өлімге әкелуі мүмкін.