
«Славян негізгі орта мектебінде» ауылдық округ тұрғындарымен құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, қоғамда заңдылық пен құқыққа бағынушылық тұрақты қағидаларын қалыптастыру мақсатында кездесу өтті. Құқыққа бағынушылық мінез-құлық құқық нормаларын өз еркімен және саналы түрде сақтау, орындау және қолдануға негізделген. Заңдылық пен құқыққа бағынушылық қағидалары — бұл құқықтық тәртіптің негізі, оған құқықтың жоғарылығы, заң алдында теңдік, барлық аумақта талаптардың біртұтастығы және жауапкершіліктің міндеттілігі кіреді.