2025 жылғы 29 мамырда Қособа ауылдық округінің әкімі Е.и. Бисекеев Славян негізгі орта мектебінің ұжымына Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді 4.0.
Биыл біз Президенттік жастар кадр резервіне КЕЗЕКТІ ТӨРТІНШІ ІРІКТЕУДІ ӨТКІЗУДІ жоспарлап отырмыз.
Төртінші ІРІКТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу. Яғни, резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады.
Кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар бұған дейін өткізілген іріктеудің талаптары сияқты, яғни, кандидаттардың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімінің, бес жылдан кем емес еңбек өтілінің және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы туралы талаптар сақталатын болады.
ІРІКТЕУ Президент Жарлығымен бекітілген ережелерге сәйкес
6 КЕЗЕҢНЕН тұрады (Ереже Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген) және маусым – қазан айларында өткізіледі.