Қазақстан Орталық Азиядағы көшуге ең қолайлы ел атанды

Қазақстан Орталық Азиядағы көшуге ең қолайлы ел атанды

Қазақстан Орталық Азиядағы көшуге ең қолайлы ел атанды
Қазақстан Global Relocation Index 2026 рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға ие болды. Жалпы әлемдік рейтингте 192 елдің ішінде 77-орынға тұрақтап, 62,9 балл жинады.
Бағалау төрт негізгі көрсеткіш бойынша жүргізілді: қаржылық жағдай мен салық салу, өмір сапасы мен денсаулық сақтау, қауіпсіздік пен тұрақтылық, сондай-ақ көшу және бейімделу мүмкіндіктері. Қазақстан қаржылық жағдай бойынша – 79 балл, өмір сапасы мен денсаулық сақтау – 60 балл, қауіпсіздік – 60 балл, көшу және бейімделу – 51 балл алды.
Аймақтық рейтингте Қазақстаннан кейін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан орналасқан.
Әлемдік рейтингте Эстония (72,8 балл) бірінші орын алды. Одан кейін Сингапур мен Малайзия тұр. Үздік бестікке сондай-ақ Португалия мен Тайвань кірді.
Зерттеу 192 елді 24 критерий бойынша бағалап, қоныс аударуға ең қолайлы мемлекеттерді анықтады.
https://kaz.tengrinews.kz/my-country/kazakstan-ortalyik-aziyadagyi-koshuge-en-kolaylyi-el-atandyi-378799/