
«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қарабалық кентінің аумағында ай сайын «Таза су айдындары» акциясы өткізіледі.
Акция аясында Тоғызақ өзенінің жағалауын жиналып қалған қоқыстардан тазарту, заңсыз қоқыс орындарын жою, арам шөптерді отау, сондай-ақ халыққа су объектілерінің тазалығын сақтау және оларға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараларды өткізуге мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысшылары, қоғамдық жұмыскерлер, сонымен қатар жастар еңбек жасағы тартылуда