
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізіледі, ол сапалы және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақбілім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру механизмдерін жетілдіру мақсатында әзірленген.
Жоб абілім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтанудың біртекті тәсілдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ асханасы жоқ шағын мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру форматын қарастыруды көздейді.
Стандартта дұрыс тамақтануға арналған заманауи халықаралық әдістер негізге алынды.
Негізгі өзгерістер мыналарды көздейді:
(ДДҰ-ның ұсынымы бойынша) Тағамның құрамындағы қантты 3,6 есеге, ал тұзды 5 есеге азайту;
Рационда көкөністердің, жеміс-жидектердің және сүт өнімдерінің үлесін арттыру;
Шұжық өнімдерін, ысталған өнімдерді, спредтерді және құрамындағы қанты мен тұзы көп басқа да өнімдерді мәзірден алып тастау;
Тәтті сусындарды сумен, сүтпен, сүт қышқылы өнімдерімен, жеміс-жидек қосылған шәйлармен және құрамындағы қанты аз компоттармен алмастыру.
Бұданбасқа, Стандартта алғаш реет мынадай жекелеген талаптар қамтылған:
Шағын жинақты мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
Ерекше диеталық қажеттілігі бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптар.
Алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» деген ұғым енгізілді – бұл тамақ қалдықтарының сандық көрсеткіші, ол:
- берілген тамақты балалар қаншалықты жақсы жейтінін;
- мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін бағалауға мүмкіндік береді.
Стандарт енгізілуі үшін:
- көп нұсқалы типтік мәзір әзірленді;
- ыстық тамақ дайындамайтын шағын жинақты мектептер үшін алғаш реет арнайы мәзір әзірленді;
- жас ерекшелік қажеттіліктері, калориялық, маусымдық, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердің ерекшелігі ескерілді.
Типтік перспективалық мәзір ұсынымдық сипатта болады және:
- жергілікті өнімдердің қолжетімділігі ескеріле отырып бейімделеді.
Бүгінгі күні:
- барлық өңірлерде жаңа Стандартқа сәйкес төрт апталық мәзір бекітілді;
- оқу жылы ішінде жеуге жарамсыздық индексін бағалауды қоса алғанда мониторинг жүргізіледі;
- Осы индекс жоғарылаған кезде тамақты қоректік құндылығы бойынша соған ұқсас, бірақ балаларға тиімдірек тамақ пен алмастыруға рұқсат етіледі.