Қос мереке: 95 жылдық мерейтой және 8 наурыз

Қос мереке: 95 жылдық мерейтой және 8 наурыз

​    8 наурыз күні кентіміздің тұрғыны, тыл еңбеккері Шәрипа Ағзамова ерекше құттықтауларға бөленді. Кейуананың жеке мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен тұспа-тұс келіп,  95 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

​      Мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, игі тілектерін білдіру үшін кент әкімі Р.К. Байқанов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәния Сұлтанбекқызы арнайы барып қайтты.

​      Тыл ардагеріне жасалған бұл сапар өте әсерлі және жылы жағдайда өтті. Шәрипа Ағзамованың өмір жолы — сұрапыл соғыс пен соғыстан кейінгі қиын-қыстау жылдардағы қажырлы еңбек пен табандылықтың айқын үлгісі, тұтас бір дәуірдің шежіресі.

​      Кент әкімі Р.К. Байқанов мерейтой иесіне ел игілігі жолындағы өлшеусіз еңбегі үшін алғысын айтты. Салтанатты сәтте мерейтой иесіне ризашылық белгісі ретінде естелік сыйлықтар мен көктемнің алғашқы гүлдері табыс етілді.