
Сүт пен сүт өнімдері күнделікті ас мәзірінің маңызды бөлігі болғанымен, тез бұзылатын тағам түріне жатады. Оларды дұрыс сақтамау немесе тұтыну талаптарын сақтамау тағамдық улануға әкелуі мүмкін. Себебі сүтті орта бактериялардың, соның ішінде сальмонелла, ішек таяқшасы мен листериялардың көбеюі неқолайлы. Қарапайым сақтық шараларын сақтау улану қаупі назайтып, денсаулықты қорғауға мүмкіндік береді.
Тағамдық улану көбіне жарамдылық мерзімі өткен, термиялық өңдеуден өтпеген шикі сүттен дайындалған немесе тиісті температурада сақталмаған өнімдерді тұтыну салдарынан туындайды. Мұндай өнімдерде адам денсаулығына қауіпті микроорганизмдер болуы мүмкін.
Сүт өнімдерін таңдағанда оларды тек ресми сауда орындарынан сатып алып, пастерленген өнімдерге басымдық берген жөн. Қаптаманың бүтіндігіне, дайындалған күні мен жарамдылық мерзіміне мұқият назар аудару қажет. Бақылаусыз сатылатын, қолдан-қолғатаралатын немесе бейберекет сауда орындарындағы сүт пен сүзбені тұтынудан бас тарту ұсынылады.
Сүт өнімдерін тоңазытқышта +2-ден +6 °C-қа дейінгі температурада сақтау керек, бөлме температурасында ұзақ қалдырмау маңызды. Қаптама ашылғаннан кейін өнімді ұсынылған мерзім ішінде тұтынған жөн. Сүт өнімдерін шикі ет пен балықтан бөлек сақтау, иісі, дәмі немесе құрылымы өзгерген өнімдерді пайдаланбау қажет. Шикі сүтті ішер алдында міндетті түрде қайнату керек. Балаларға, егде жастағы адамдарға және жүкті әйелдерге тек пастерленген сүт өнімдерін тұтыну ұсынылады. Тамақ ішер алдында қолды жуу, таза ыдыс-аяқ пайдалану және тоңазытқыштың тазалығы мен температуралық режимін сақтау да аса маңызды.
Егер тағамдық улану белгілері — жүре кайну, іштің ауыруы, іш өту, дене қызуының көтерілуі немесе әлсіздік байқалса, әсіресе балада орыналса, дереу дәрігерге жүгіну қажет.
Сүт өнімдерін дұрыстаңдау, сақтау және тұтыну ережелерін сақтау тағамдық уланудың алдын алудың тиімді жолы болып табылады. Өз тағамына ұқыпты қарау — бүкіл отбасының денсаулығын сақтаудың маңызды шарты.