Қарабалық к. тұрғындарына

Қарабалық к. тұрғындарына

Қазақстан Республикасының елді мекендерді абаттандыру және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, кент аумағында (жол жиектерінде, іргелес аумақтарда, жалпы пайдаланымдағы тұрақтарда және басқа да қоғамдық орындарда) рұқсат етілген максималды салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк техникасын орналастыруға және ұзақ уақытқа тұраққа қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
​Аталған талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
​Талап:
​Жүк техникасының иелері мен жүргізушілері көлік құралдарын дереу арнайы бөлінген тұрақ орындарына (автобазалар, тұрақтар, өндірістік аумақтар және т.б.) алып кетуі тиіс.
​Талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылатын болады.