
23 қаңтарда аудандық әкімдікте мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіруге және халыққа кеңес беруге бағытталған «Бірыңғай қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.
Шараға Қарабалық кенті әкімдігінің жер мәселелері жөніндегі бас маманы қатысып, жер қатынастары бойынша түсініктемелер берді және азаматтардың сауалдарына жауап берді.