Қарабалық аудандық мәслихаты депутатының азаматтарды қабылдауы

Қарабалық аудандық мәслихаты депутатының азаматтарды қабылдауы

      15 қаңтарда кент әкімдігінің ғимаратында №2 сайлау округі бойынша Қарабалық аудандық мәслихатының депутаты Геннадий Геннадьевич Романек азаматтарды қабылдады.
​       Қабылдау барысында тұрғындар депутатқа әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға, инфрақұрылымға және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты өздерін мазалаған сұрақтарымен жүгінді. Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, құзыреттілік шеңберінде түсініктемелер берілді, сондай-ақ алдағы уақытта пысықтау үшін ұсыныстар мен ескертулер қабылданды.