
29 желтоқсанда Қарабалық ауданы әкімінің Қарабалық кентінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының есептік кезеңдегі қорытындылары шығарылып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен жоспарлар айқындалды.
Кент тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Кездесу барысында түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар назарға алынып, қарауға қабылданды.