Жұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтар жылы

Бүгін, 10 желтоқсан күні, АМҮ фойесінде «Еңбек түбі – береке» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шара аясында «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері – тракторист Лешкович Виталий Вячеславовичқа және қоғамдық жұмысшы Крупнин Дмитрий Александровичқа – сертификаттар мен құрмет грамоталары табысталды.
​Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтары өкілдерін қолдау және ынталандыру, сондай-ақ олардың кентті дамытуға қосқан маңызды үлесін мойындау.
Виталий Лешкович пен Дмитрий Крупнин еңбекқорлығы, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы және адал еңбегі үшін аталып өтті. Алғыс ретінде оларға ақшалай сертификаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.