Қоқыс өртеуге тыйым салынады!

Қоқыс өртеуге тыйым салынады!

    

     Жеке тұрғын үйлер орналасқан секторларда қоқыс пен құрғақ шөпті өртеу – кең таралған тәжірибе. Алайда тұрмыстық қалдықтарды, құрғақ бұтақтар мен жапырақтарды, шөпті өртеу қоршаған ортаға едәуір зиян келтіреді әрі үлкен қауіп төндіреді. Ауыр салдарға алып келген жағдайда, мұндай әрекеттер тұрғын үйлер мен құрылыстардың өртенуіне әкелуі мүмкін.

    Сондықтан қоқыс өртеу – әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады.

📖 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес, атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, қоқысты дұрыс үйіп қою немесе оны өртеу бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

🧯📣 Өрт шығу қаупі мен айыппұлдан сақтану үшін қоқысты өртеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Ол үшін арнайы белгіленген, өртеуге рұқсат етілген орындарды таңдау керек. Бұл орындар құрғақ шөп пен жапырақтардан тазартылған, ең жақын құрылыс нысандарынан немесе сақталатын материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс.