«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қарабалық кентінің көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйрету.
Осы бағытта орталық Арбат аумағын тазалау жұмыстары басталды. Құлаған жапырақтарды жинау және шығару ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.