Таза Казахстан

Таза Казахстан

    7 қазан күні ЖРО қызметкерлері еріктілермен бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламма аясында «Таза жағалаулар» сеңбілігін өткізді. Іс-шараның мақсаты — қоғамның назарын жағалау аймақтарының ластану мәселесіне аудару және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

     Қатысушылар қолғап, қоқыс салатын пакеттер мен жақсы көңіл-күймен қаруланды. Бірнеше сағаттық бірлескен жұмыстың нәтижесінде демалушылардан қалған пластикалық бөтелкелер, қаптамалар, шынылар, темекі қалдықтары және басқа да қалдықтар жиналып, көптеген қап қоқыс шығарылды.

     Мұндай іс-шаралар тек экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар адамдардың табиғатқа деген құрметін тәрбиелеуге септігін тигізеді. Акцияға қатысушылар мұндай бастамаларға атсалысу — туған өлкенің тазалығына шынайы үлес қосу мүмкіндігі екенін атап өтті.