Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық ауылында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері — Қарабалық батыры мен Тың игерушілерге арналған жүргізілді.
2025 жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қоғамдық экологиялық бақылауға арналған республикалық акция өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру, сондай-ақ тарихи-мәдени және туристік нысандардың сақталуы мәселелеріне аудару. Акция еліміздің барлық 17 облысын және республикалық маңызы бар үш қаланы қамтиды.
Туристік және тарихи-мәдени нысандарды экологиялық мониторингтеуге арналған алғашқы тақырыптық апта аясында Қарабалық кентіңде «Қарабалық батыр» ескерткіші мен «Тың игерушілерге» арналған ескерткіштің аумағына тексеру жүргізілді.
Іс-шараға Қарабалық кентінің жергілікті қоғамдастық депутаттары, «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданының білім бөлімінің Сералы Қожамқұлов атындағы Балалар өнер мектебі» КММ директоры қатысты.
Ескерткіштің, оған іргелес аумақтың, қоқыс бар-жоғын, жасыл желектер мен ақпараттық тақтайшалардың жай-күйін көзбен шолып бағалау жүргізгендер:
Тексеру нәтижесінде келесі мәселелер анықталды: аумақтың жеткіліксіз күтімі, тұрмыстық қалдықтардың болуы, жасыл желектердің жай-күйіне бақылаудың әлсіздігі.
Мониторинг нәтижелері бойынша ескерткіштің қазіргі жай-күйі сипатталған және абаттандыруды жақсарту мен ескерткішті қорғау шараларын күшейтуге қатысты ұсыныстар енгізілген акт жасалды. Құжат тиісті мемлекеттік органдарға одан әрі шаралар қабылдау үшін жолданатын болады.