«Қарабалық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы жылдық есебі.

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ, Қарабалық к. Космонавтов көшесі, 16  

тел: 8-714-41-3-31-51.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

            Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін 5 қызметті қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/НҚ бұйрығымен бекітілді.

  1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 8 мемқызмет, бас тарту болған жоқ.

            2 Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -73 мемқызмет, 63 дәлелді бас тарту.

  1. Жеручаскесініңнысаналымақсатынөзгертугешешімберу - 23 мемқызмет, 3 дәлелді бас тарту.
  2. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0.
  3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 0.

«Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін барлық қызметтердің ережелері мен стандарттары бекітілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушыларға тегін, электронды түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік органның өзінде 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3, 2023 жылы – 12 қызмет. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 9, 2023 жылы – 10 қызмет. «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 92 қызмет, 2023 жылы – 62 қызмет.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылы ең көп сұранысқа ие 1 мемлекеттік қызмет болды:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 73 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 70%.

  1. Қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

             Қарабалық кенті әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд орнатылды;

        Қарабалық ауданында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді, онда "Connection Point" өзіне – өзі қызмет көрсету секторы бар, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе кеңесші қызметкердің көмегімен ала алады.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Қарабалық ауданы әкімі аппараты тарапынан үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: әкімдік ғимараттың ақпараттық стендінде жауапты лауазымдық тұлғаның ТӘЖ көрсетілген, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін «электрондық үкімет» порталына қосылған компьютер орналастырылған, азаматтарды оқытуды және мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетуді Қарабалық кенті әкімі аппаратының қызмет көрсетуге жауапты маманы жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.  

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 104 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 9, «Электрондық үкімет» порталы арқылы -92, ЖАО арқылы - 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

2024 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы»  ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар қабылданды.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділік және қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

 Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында кент әкімі аппаратымен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы кент әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша:

-  Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;

- көрсетілетін қызметті алушыларды Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы кеңінен насихаттау және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгілік нысанға қосымша

Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы

Ақпарат

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау датасы 

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

 

-

-

-

-

-

-

-

 

Дата публикации
08 апреля 2025