
Білім және тәрбие ұйымдарында тамақтандыру стандартын енгізу.
2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім және тәрбие ұйымдарында сапалы және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру мақсатында әзірленген тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілді.
Жоба білім және тәрбие ұйымдарында тамақтандыруға бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ асханасы жоқ азкомплектті мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру форматын қарастыруға мүмкіндік береді.
Стандарттың негізінде денсаулыққа пайдалы тамақтанудың заманауи халықаралық тәсілдері жатыр.
Ол қарастыратын негізгі өзгерістер:
Қант мөлшерінің айтарлықтай төмендеуі — 3,6 есе, ал тұздың — 5 есе (ДДҰ ұсынысы бойынша);
Көкөністер, жемістер және сүт өнімдерінің рациондағы үлесінің артуы;
Шұжық өнімдері, ысталған тағамдар, спредтер және қант пен тұздың жоғары мөлшері бар басқа да өнімдерді мәзірден шығару;
Тәтті сусындарды су, сүт, қышқыл сүт өнімдері, жеміс шайлары және қант мөлшері төмен компоттарға ауыстыру.
Сонымен қатар, Стандарт алғаш рет келесілерге қойылатын жеке талаптарды қамтиды:
Азкомплектті мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыруға;
Арнайы диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге.
Алғаш рет "Жемей қалдыру индексі" ұғымы енгізіледі — бұл тағам қалдықтарының сандық көрсеткіші, ол келесіні бағалауға мүмкіндік береді:
- балалар ұсынылған тамақтан қаншалықты қанағаттанады;
- мектеп тамақтандыруын ұйымдастырудың барлық жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейді.
Стандартты іс жүзінде жүзеге асыру үшін:
- көп нұсқалы үлгілік мәзірлер әзірленді;
- ыстық тағамдар дайындау үшін жағдайы жоқ азкомплектті мектептерге арналған арнайы мәзір алғаш рет жасалды;
- жас ерекшеліктері, калориялылығы, маусымдылығы, сондай-ақ аспаздық бөлімшесі жоқ мектептердің ерекшеліктері ескерілді.
Үлгілік перспективалық мәзір ұсыныс сипатына ие және келесілерді ескере отырып бейімделуі мүмкін:
- ата-аналар мен балалардың пікірлері;
- жергілікті өнімдердің қолжетімділігі.
Жаңа Стандартқа сәйкес төрт апталық мәзірлер бекітілді;
- Оқу жылы ішінде енгізуді мониторингілеу, соның ішінде жемей қалдыру индексін бағалау жүргізіледі;
- Бұл индекс жоғарылаған жағдайда, тағамды құндылығы бойынша ұқсас, бірақ балалар үшін қабылдауға болатын басқа тағамға ауыстыруға рұқсат етіледі.