
Астана қаласында өткен ауылдық әкімдердің Диалогтық платформасынан оралғаннан кейін, Боскөл ауылының әкімі Дущанов Ж.К. бірден ауылдың ақсақалдары және ардагерлер кеңесімен кездесті.
Кездесу барысында ол форум жұмысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысы — Қазақстан Республикасы Президенті Тоқаев Қ.К. қойған биік мақсаттар жөнінде айтты. Президент ауылдағы жағдайды түзету және жүйелі жұмысты жолға қою қажеттігін, сонымен бірге ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін кеңейту маңызды екенін атап өтті.