Бұл Қостанай облысы әкімдігі мен "Отбасы банк" АҚ Қостанай облыстық филиалының бірлескен қаражаты есебінен жастарға тұрғын үй сатып алуға кредит беруді білдіреді және 34 жасқа дейінгі жас мамандарға есептелген.
- Өтінімдерді қабылдау 21 қазан мен 1 қараша аралығында басталады, - дейді «Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әсел ҚҰЛМАҒАМБЕТ. - Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша және конкурстық комиссияның отырысы өткізіле отырып жүргізілетін болады. Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, үлкен қатысушы артықшылыққа ие болады.
Осыдан кейін «Отбасы Банкі» филиалы қатысушылардың біліктілігін жүргізеді және ішкі қағидаларға сәйкес тұрғын үй заемын беруді жүзеге асырады.
Бағдарламаға қатысушылар үшін қажетті құжаттардың тізімі мен несиелеу шарттарын сайттан табуға болады hcsbk.kz