ХАБАРЛАМА «Бөрлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы

ХАБАРЛАМА   «Бөрлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы

 

«Бөрлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша әзірленген нәтижелер мен ұсынымдарды ашық жария талқылауға жұмыс тобының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Бөрлі ауылының тұрғындары шақырылады.

Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 15:00-де офлайн форматта өтеді.

Өткізілетін орны: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрлі ауылы, Орталық көшесі, 9 үй, 2 қабат, ауыл әкімдігінің мәжіліс залы.