«Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізу

«Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізу

«Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізу

«Салауатты жұмыс орындары» жобасы еңбек жағдайларын  жақсарту және қызметкерлердің  денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдарда  жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты — қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ созылмалы инфекциялық емес және кәсіптік аурулардан туындайтын  еңбекке  уақытша жарамсыздық салдарынан болатын шығындарды азайту.

Жобаны енгізу келесі бағыттарды қамтиды:

Қызметкерлер үшін:

  • Еңбек жағдайларына қанағаттануды арттыру;
  • Денсаулыққа деген көзқарасты жақсарту;
  • Денсаулықты нығайту және жалпы әл-ауқатты көтеру;
  • Өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Жұмыс берушілер үшін:

  • Салауатты еңбек  ресурстарын ұзақ мерзімге сақтау;
  • Қызметкерлер аурулары бойынша шығындардыа зайту;
  • Кадрлар ағымын төмендету;
  • Кәсіпорынның оң имиджін қалыптастыру;
  • Еңбек ұжымында салауатты өмір салты мәдениетін енгізу;
  • Қызметкерлердің аурушаңдығы мен мүгедектігін төмендету;
  • Салауатты өмір салтын ұстанатын қызметкерлер санын көбейту.

Күтілетін нәтижелер:
Жобаны іске асыру нәтижесінде өндірістегі қауіпсіздік  деңгейі артып, корпоративтік мәдениет нығаяды. Сонымен қатар қызметкерлердің жалпы денсаулығы жақсарып, бұл еңбек өнімділігінің өсуіне және кәсіпорындардың тиімді  қызмет етуіне ықпал етеді.